Прокурор Айжан Аймағанова «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясын бастауға шақырды.

Айжан Аймағанованың ҚХА Аналар форумында «Заң мен Тәртіп: құқықтық тәрбиені қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында сөйлейді.

 “Ең алдымен, баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.

Осы 10 жыл ішінде Аналар кеңесі еліміздегі беделді қоғамдық институттардың біріне айналды. Ұйымның өңірлерде өз көшбасшылары мен қолдаушылары қалыптасты. Бүгінде олардың басын біріктіретін бір ғана мүдде бар. Ол – ұлттың саулығы мен тәрбиесі, ынтымағы мен бірлігі.

Сіздердің отбасы институтын сақтау мен нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған бастамаларыңыздың маңызын ерекше атап өткім келеді.

Аналар кеңесінің мүшелері әрқашан қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосып, оны шешуге белсене қатысуда. Оның ішінде құқықтық тәрбие беру мәселесі де бар.

Өздеріңізге мәлім, кейінгі кездері жастар арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюі байқалады. Зорлық-зомбылық, вандализм, бұзақылық фактілері, балаларға қатысты қылмыстардың артуы алаңдатады.

Мен прокуратура қызметкері ретінде күн сайын осындай істердің куәсімін. Бұл бізге моральдық-психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Бір жағынан ана ретінде аяғын шалыс басқан жастардың болашағына уайымдаймыз, екінші жағынан заңгер ретінде жаның ауырады. Қалай десек те, заңды шешім шығарып, жастарды тура жолға салуға тырысамыз.

«Заң жəне тəртіп» қағидатына сәйкес Қызылорда қаласы прокуратурасымен «Тәртіпті өзіңнен баста!» акция аясында С.Лапин атындағы №261 орта мектеп оқушылары арасында заң мен тəртіпті құрметтеу рухында құқықтық дәріс өткізілді.
​Жиынға қала прокуратурасының бөлім прокуроры С.Абдулғазиз, ардагерлер Б.Тулегенов, А.Ахметияұлы, К.Кожамуратов, «Сенімен Болашақ» Қызылорда облыстық филиал жетекшісі Ш.Қаратайұлы, қалалық жастар орталығының директоры М.Жорабек және т.б. қатысты.
​Кездесу барысында кәмлетеке толмаған балалардың қоғамдық орындарындағы мінез-құлық ережелері, құқық бұзушылық, буллинг, суицид деректері, нашақорлық, лудомания және басқа да теріс әрекеттер туралы құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
​Сонымен қатар жасөспірімдердің пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

БӨЛІСУ