“Жасыл Қызылорда” КММ қызметкерлері көше бойына, саябақ және скверлерге отырғызылған көпжылдық гүлдерді жинап, жылыжайда қайта баптап өсіру жұмыстарын жүргізуде.

Мекеме жылыжайында 5 түрлі көпжылдық гүлдер өсірілуде. Алдағы уақытта жылыжайды кеңейтіп гүлдердің түрлерін көбейту жоспарда бар.

Ағымдағы жылы «Жасыл Қызылорда» КММ  тарапынан қаладағы көше бойларын, саябақтар мен скверлерді гүлмен көмкеру жұмыстары жүргізілді.Шаһар аумағын көгалдандырып, көріктендіру үшін 640500 дана роза, кан, катарантус, циннии,петуния, тагетис, бархатцы, цинерария,пеларгония гүлдері қаладағы Тұңғыш Президент атындағы саябаққа, Сыр ана монументіне ,Облыстық әкімшілік ғимараты алдына, Ж.Бахадүр ескерткішінің жанына, Назарбаев даңғылы бойына, Қуғын сүргін құрбандарына арналған монумент аумағына, қалалық әкімшілік ғимараты жанына, Қаламгерлер аллеясына, Б.Шөкенов атындағы саябаққа, Тағзым алаңына,Жаңқожа батыр ескерткішінің аумағына егілді.

Көктемде жылыжайда өсірілген гүлдер қала көшелеріне отырғызылатын болады.

БӨЛІСУ