Қызылордалық полицейлер демалыс күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығының нұсқауына сәйкес демалыс күндері қызметкерлер күшейтілген тәртіпте рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, барлығы 690 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол қозғалысы саласы бойынша 505, қоғамдық қауіпсіздік бойынша 185 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жалпы, үш күнде рейдтік іс шара барысында 730 хабарлама тіркелді.
Жол қозғалысы – 1451 хаттама толтырылып, 74 автокөлік айып тұрағына қойылды. Оның ішінде: алкогольді масаң күйінде – 4, көлік құралын басқару құқығынан айырылған – 2, басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралын басқарған –5 құқық бұзушылықтар анықталды.
Қоғамдық қауіпсіздік – 180 хаттама толтырылды, оның ішінде алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сатқан 2 дүкен сатушыларына ҚР ӘҚБтК – нің 200 бабымен шара көрілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуына жол бергені үшін 24 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама ресімделді, 3 ата – анаға қатысты ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік шара көрілді. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 6 әкімшілік хаттама ресімделді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 2 жасөспірім орналастырылды.

БӨЛІСУ