Қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында құны 22,0 млрд. теңге болатын 70 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде,
1 автомобиль көпірі құрылысы, 1 жаңа жол құрылысы, 5 көше қайта жаңғырту, 2 көше күрделі жөндеу, 61 көше орташа жөндеу жұмыстары. Атап айтқанда, жоба құны 428,3 млн. теңгені құрайтын Тәуелсіздікке
25 жыл даңғылы бойындағы «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы жүргізілуде.

Жоба құны 570,0 млн. теңгені құрайтын Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылына дейінгі жаңа жол құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Қаладағы басты көшелердің бірі саналатын жоба құны 2,7 млрд. теңгені құрайтын Жаппасбай батыр көшесі және жоба құны 434,0 млн. теңгені құрайтын Е. Көшербаев көшелерін кеңейту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, жоба құны 3,0 млрд. теңгені құрайтын Қ. А. Яссауикөшесін, жоба құны 6,8 млрд. теңгені құрайтын Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын және жоба құны 3,0 млрд. теңгені құрайтын «Самара-Шымкент-Қызылорда» аудандық маңызы бар автомобиль жолын кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұдан бөлек, жоба құны 1,0 млрд. теңге болатын М. Шоқай және Қорқыт ата көшелерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Құны 4,4 млрд. теңгені құрайтын 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстарының 32 көшесі аяқталса, 3 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мүлдем жол құрылысы жүргізілмеген, 15 көшенің тас жол құрылысы аяқталып пайдалнуға берілді. Жоба құны 137,0 млн. теңге.

Қосымша 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық бюджеттен 261,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Қыркүйек айының аяғына дейін мердігер мекелермен шарт жасалып, қазан айында жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

Қала көшелеріне ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық бюджеттен 267млн. теңге бөлініп, мердігер мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Абаттандыру саласы бойынша:

Қала аумағындағы ұзындығы 56,4 шақырым болатын
40 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін 1 844,0 млн. теңге және қалаға қарасты Тасбөгет, Белкөл кентінде ұзындығы
6,9 шақырым болатын 7 көшеге, жаяу жүргіншілер жолын салу үшін
177,0 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қызылорда қаласы, Н. Назарбаев даңғылын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 262,9 млн. теңге қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Қожа Ахмет Яссауи көшесін Ә.Бөкейхан көшесiнен Әйтеке би көшесiне дейiн абаттандыружұмыстарын жүргізуге облыстық бюджет есебінен 773,1 млн. теңге қаржы бөлініп, «BSG инжениринг» ЖШС-мен шартжасалды. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша 60 % (пайыз)жұмыстары орындалды.

2024 жылы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын 25 көпқабатты тұрғын аулаларындағы ойын алаңдарын қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 23 көпқабатты тұрғын үй аулаларының жолдарына жөндеу жұмыстарына 600,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар өз медесіне сай атқарылды.

БӨЛІСУ