Тағы бір әскери қызметкер қаза болды.
8 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әскери комиссары өз қызметтік кабинетінде асылып қалған. Суицидтің себебі әлі белгісіз.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент, әскери-тергеу басқармасы мен прокуратура бұған қатысты түсініктеме бермеген.
Әскери комиссар ішімдік ішпеген, темекі шекпеген және перспективті қызметкер ретінде танылған. Оның жанындағылар ешқандай теріс қылығын байқамаған. Өзін өзі өлтіруге отбасылық мәселелер себеп болуы мүмкін, дейді.