Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2 курс студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында сайыс өтті.
Білім алушылар сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қоғамға тигізетін теріс әсерін жан-жақты талқылап, оған қарсы күресте білім мен жүйелі іс-қимылдың маңызын ерекше атап өтті.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен сайыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Жандос Жусупалиев, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Әкімшілік басқармасының бас маманы Сандуғаш Ержанова және комплаенс-офицер, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Әлібек Жаппасбаев төрелік жасады.
Сайысқа алты команда қатысып, төрт кезең бойынша бақ сынады. Әр команда өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салып, 5 балдық жүйе бойынша бағаланды.
2024-12-09