78 жастағы әжей полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Абдраманов Жандос Рысбайұлы және патрульдік батальонның инспекторлары полиция капитаны Кеңесбай Руслан Кеңесбайұлы,полиция аға лейтенанты Нұрмаханов Сағадат Мұратұлы жергілікті тұрғын, 78 жастағы ардагер Қабақбаева Ұзипа апайға жоғалтып алған алтын сақинасын тауып беруге көмек берді.
Оқиға бүгін таңертеңгі уақытта орын алған. Әжей азық – түлік алу үшін жәрмеңкеге барып, қаптағы көкөністерді таңдап жатқанында сақинасын жоғалтып алады. Жүзігін жоғалтқан әжей көңіл – күйі түсіп, полицейлердің көмегіне жүгінеді. Полиция қызметкерлері дереу жоғалған алтын бұйымды іздеуге кіріседі. Жедел әрекет еткен олар көп ұзатпай, жоғалған жүзікті тауып, иесіне қайтарады.
Ардагер әжеміз полиция қызметкерлерінің адал еңбектеріне өз ризашылығын білдірді. Тәртіп сақшыларының қызметтеріне әжейдің қызы да алғыс айтты.
«Барша қызылордалық полицейлерге үлкен рақмет. Көмек сұраған жағдайда анамыздың жоғалған затын тауып беріп, үйімізге алып келіп көмек бергендері үшін. Полиция қызметкерлеріне отбасымызбен шын жүректен риясыз көңілімізді жеткіземіз»
Осы орайда айта кететін жайт, полиция қызметкерлері барша тұрғындарға әрқашан көмек беруге дайын.

БӨЛІСУ