Бүгін Қызылорда қаласындағы сол жағалауда орналасқан #290 орта мектеп базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай білім бөлімінің қызметкерлері арасында Білім басқармасының кубогі үшін дәстүрлі футзал жарысы өтті. Дәстүрлі жарысты Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дәстүрлі жарыстың негізгі мақсаты білім бөлімінің қызметкерлері арасындағы қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын қолдау болып табылады.
Тартысқа толы өткен футзал жарысының қорытындысы төмендегідей нәтижені көрсетті.

І орын – Білім басқармасы
ІІ орын – Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі
ІІІ орын – Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі

Сонымен қатар жарыс барысында үздік деп танылған ойыншылар Қызылорда облысы бойынша кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Барлық әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

БӨЛІСУ