Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттырудың ұлттық ғылыми-практикалық институымен бірлесіп 2024 жылғы 2-6 желтоқсан аралығында білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне арналған «Білім беру ұйымдарында жағымды тәрбие ортасын қамтамасыз ету» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсынан 60 педагог өтуде.
Бағдарламаның мақсаты: Тыңдаушыларды білім беру ұйымдарында жағымды орта құруға оқыту: білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар, қызметкерлер арасындағы өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа, қамқорлық пен қолдауға, әр адамның жеке басына құндылық қатынасына негізделген мәдениет пен қарым-қатынас стилі.
Міндеттері:
1. Орта білім беру жүйесінің бекітілген нормативтік актілерімен және білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық жағдай жасау жөніндегі құжаттармен танысу.
2. Тыңдаушыларды білім беру ортасында, білім алушылардың отбасыларында, қоғамда жағымды эмоцияларға, іс-әрекеттердің мағыналылығына, оқыту мен тәрбиелеу процесіне тартылуға, басқалармен оң қарым-қатынасқа, жеке жетістіктерге негізделген жағымды тәрбие ортасын құруға ықпал етуге үйрету.
3. Тәрбие жұмысы жүйесінің бағыттары бойынша практикалық біліктер мен дағдылардың орнын толтыру. Бағдарламаны оқытудан күтілетін нәтижелер педагогтердің жұмыс тәжірибесіне:
Білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді практикада қолдана білу және білім алушылар үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау, балалардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау, білімді оң салада тереңдету жөніндегі құжаттарды пайдалану;
Білім алушылармен сауықтыру жұмыстарын жетілдіру нысандарын оқыту және салауатты өмір салты дағдыларын үйрету;
Білім алушылармен, әріптестермен және ата-аналар қауымдастығымен жанжалсыз қарым-қатынас нысандары мен әдістеріне коммуникативтік дағдыларды үйрету;
Қызметтің барлық салаларында білім алушылардың шығармашылық белсенділігін ұйымдастыру тәсілдерін зерделеу;
Білім алушылардың академиялық үлгерімі мен тәрбиесіне әсер ететін маңызды фактор ретінде жағымды эмоционалды орта құру бойынша тұтас педагогикалық процестің барлық субъектілерімен жұмыстың заманауи нысандарын және әдістерін практикада қолдану бойынша қосымша білім алу;
Тәрбие жұмысы жүйесінің бағыттары бойынша практикалық біліктер мен дағдыларды толықтыру және бекіту;
Білім алушылардың азаматтық-патриоттық санасын, Қазақстан азаматының рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту тәсілдерін одан әрі меңгеру арқылы ықпал етеді.