Бүгін партия алаңында облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келушілердің барлығы баспана мәселесін көтерді. Мәселен, тұрғын үй кезегі келгенше уақытша баспана сұраған және көп балалы ана категориясымен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға облыс әкімінің орынбасары қолданыстағы заңнамалар аясында кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жолдасы Чернобыль апатының ардагері ретінде 5000-шы болып, үй кезектілгінде тұрғанын айтып, банк арқылы шешу жолдарын сұраған азаматшаға «Отбасы банкі» арқылы 50 пайыз субсидиямен жалға алуға болатындығы жөнінде кеңес берілді.
Облыс әкімінің орынбасары азаматтарды тұрғын үймен қамту күн тәртібінен түспейтін мәселе екендігін алға тартып, келуші азаматтарға өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Атап өтейік, қабылдауға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, сонымен қатар жауапты сала басшылары қатысты.