Қаламызда тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілерін қайта жаңғыртуға 1 млрд. 525,7 млн теңге бөлінді. (ҰҚ 642,1 млн.тг, , ОБ 163,3 млн. тг, қалалық бюджеттен 720,4 млн.теңге). Жоба құны 699,3 млн.теңгені құрайтын 2023 жылы басталған Универсам Шымбай аумағында сумен жабдықтау және су бұру желісін қайта жаңғырту жобасы аяқталып 8,0 км жүргізілді. Қызылорда қаласының орталық бөлігінің кәріз желілерін қайта жаңғырту жобасына 531,9 млн.теңге бөлінді. Жоба аясында 6,9 км кәріз желісі жаңғыртылады. Жоба 2025 жылы аяқталады. Қалалық бюджеттен Арай м/а, Әуезов көшесі, Жаппасбай батыр көшесі бойында орналасқан көтергіш сорғы станциясын салу құрылыстарына 270,4 млн.теңге, Титов аумағындағы жалпы қуаттылығы 1440 текше метр болатын 3 дана ұңғыма бұрғылау құрылысын салуға 265,4 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталатын болады.

«Газ  тасымалдау жүйесін дамыту»бағдарламасы шеңберінде Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және ШГРП құрылысы, 1-шіжәне 2-ші іске қосу кешені, жеткізуші газ құбырын салу құрылыс жұмыстарын бастауға жобаның 10 пайыз қаржысы 319,5 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүруде. Жобаны аяқтауға энергетика басқармасына бюджеттік өтінім толықтай жолданды. Қызылорда қаласында орамішілік газ құбырлары желісін салу (ақ дақтар). Гагарин, Титов, СПМК-70, Арай, КБИ, Сәулет, Саяхат, Бәйтерек, Орталық, және Шұғыла шағын аудандарындағы газ құбырлары жүргізілмеген көшелерге газ тартуға 200,0 млн.теңге бөлініп мердігер анықталды. Қалаға қарасты елді мекендерден Қызылөзек е/м газ жүйесі тартылмаған, осы орайда газ жүйесін тартуға 500,0 мың теңге бөлініп жобалаушы мекеме анықталды. Алдағы қалалық сессиядан 22,8 млн.теңге сұратылатын болады.

«Ауылл бесігі» бағдарламасы аясында құны 261,2 млн. теңге Ақсуат, Қосшыңырау ауылдық округіне қатысты Досан елді мекені, Қызылжарма, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылдарына электр тарату жұмыстарын бастауға қаржы республикалық бюджеттен бөлінді.

«Пәтер сатып алу» бағдарламасы аясында 14 млрд.541,8 млн.теңге бөлінді. Кезекте тұрған көп балалы және осал топты азаматтарға 1019 пәтер сатып алуға 12 млрд. 848,0 млн.теңге, авариялық деп танылған тұрғын үйде тұрып жатқан азаматтарға 135 пәтер сатып алуға ОБ-дан  1 млрд.672,7 млн.теңге, қалалық бюджеттен олимпиада қола жүлдегері Қоңқабайға пәтер сатып алуға 10,5 млн.теңге, 2023 жылы сатып алынбаған 1 пәтер сатып алуға 10,6 бөлініп сатып алынды. Бүгінгі күнге 89 пәтер осал топқа сатып алынды.

«Жылу жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауы бөлігін жылумен жабдықтау (1 кезек) аяқталмаған құрылыс жобасымлрд 97,5 млн.теңгені құрап «Механизатор К» ЖШС-і жеңімпаз болып танылып құрылыс жұмыстарын бастады. ОБ-дан 300,0 млн.теңге бөлінді. Қалған қаржы 797,5 млн.теңге 2025 жылы облыстық бюджеттен бөлінеді.

Бүгінгі күнге мемлекеттік конкурс шешімімен жеімпаз анықталған алайда қаржысы толық немесе мүлдем бөлінбеген құрылыс жұмыстарының қаржысы 21 млрд. 542,9 млн.теңгені құрайды. Қаржы сұратылу жұмыстары тиісті басқармаға бөлім тарапынан бюджеттік өтінімдер жолданды.

Бөлім тарапынан 2025 жылға қаржы сұратылу мақсатында тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдер әзірге 12 млрд. 805,7 млн.теңгеге  ұсынылды.

БӨЛІСУ