5 желтоқсан күні Талсуат ауылдық клубында сағат 16.00-де “Жанұя шуағы” бағыты бойынша отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді сақтауға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Ақ әже» әжелер ансамблінің есепті концерттік бағдарламасы болып өтті.
2009 жылы құрылған «Ақ әже» әжелер ансамблі биыл ақпан айынан бастап қайта жасақталған болатын.
Бүгінде «Ақ әже» әжелер ансамбліне мәдениет үйінің қызметкері Төлеген Алашбаев жетекшілік жасап келеді.
«Ақ әже» ансамблі ұмытылып бара жатқан халық әндерін қайта жаңғыртып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп, ұлттық өнерді ұлықтап, баға жетпес байлығымызды дәріптеп келеді. Репертуарында халық әндерімен қоса, Шәмші Қалдаяқов, Исраил Сапарбаев сынды композиторлардың әндері бар. Шараны Талсуат ауылдық округінің әкімі Е. Бейсенбаев сөз сөйлеп, әжелер ансамблін Алғыс хатпен марапаттады. Өнер кешінде Талсуат ауылдық клубында жаңадан ұжым қызметкерлерінен құрылған ұлт аспаптар ансамблі әжелермен бірге алғашқы рет өнер көрсетті.