Бүгін Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік сатып алу бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге облыс әкімінің орынбасары, облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотының төрешілері, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мен ішкі аудит департаментінің басшылары, облыстық прокуратураның өкілдері мен білім саласының жауапты мамандары қатысты.

🌐Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң мен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қағидалардың нормаларын түсіндіріп, білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша сатып алулардағы өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешу бағытында өз ұсыныстарын жеткізді.

Шара соңында облыстық соттың және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тарапынан көтерілген мәселелері тыңдалып, тиісті жауаптар беріліп, саладағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу жөнінде тілектер білдірілді.

БӨЛІСУ