4 желтоқсан күні облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында Денсаулық сақтау салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері мен Палата өкілдері, қаладағы сала кәсіпкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – кеңес төрағасын сайлау бойынша Денсаулық сақтау салалық Кеңесінің 13 тұрақты мүшесінің 2/3 бөлігінің (12 мүше) қатысуымен кворум жасақталып, салалық кеңес төрағалығына «Мырза-Хан» ЖШС директоры Айдос Маханалиев және «ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС директоры Жайна Карлыханова кандидатурасы ұсынылды. Ашық дауыс беру нәтижесінде А.Маханалиевке 4 дауыс, Ж.Карлыхановаға 5 дауыс, 3 қатысушы дауыс беруден қалыс қалып, көпшілік дауыспен Ж.Карлыханова кандидатурасы мақұлданды. Нәтижесінде «ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС директоры Карлыханова Жайна Торехановна салалық кеңес төрайымы болып сайланды.
Келесі мәселе бойынша Палата директоры Пірмұхаммед Сыздық палата мүшелерін сайлауды өткізу қағидалары және өңірлік кеңестерді қалыптастыру тәртібі туралы түсіндірме жүргізіп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонан соң, қатысушылар Ереже талаптарына сәйкес сайлау нысанын таңдап, кеңестің тұрақты мүшелері бірауыздан ашық дауыс беруді шешті.
Жиын барысында кеңес мүшелері өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы жоспарларды талқылады.