«Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы» аясында «Филология» бөліміне қарасты ОТ-Р-22 оқу тобы, топ жетекшісі Л.К.Сүлейменова және ОТ-Р-22К оқу тобы, топ жетекшісі Ж.Қ.Тағыбергеновтің ұйымдастыруымен қала жастарына «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Шараның мақсаты – психикаға белсенді әсер ететін зиянды заттар туралы ақпарат беру, олардың адам ағзасына кері әсерін түсіндіру арқылы салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Шараға Қызылорда облыстық Жастар денсаулығы орталығы мекемесінің валеолог маманы Құлмұратова Айман Задашқызы және Алменова Айгерим Мұратқызы арнайы шақырылды.
Ақпараттық түсіндірме барысында білім беру ұйымдарында «темекі шегетін қоспалар» мен «синтетикалық есірткілерді» тұтынудың ауыр салдары, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, интернетке тәуелділік бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету шаралары қамтылды.
Шара барысында «Филология» бөлімінің студенттері «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында флешмоб қойып, талантты өнерпаздардың орындауында бірқатар көрініс пен видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар, адамзаттың басты мәселесі – психологиялық тәуелділік, есірткіні тұтыну себептері мен зардаптары туралы толық түсіндірме жасалды. Білім алушылар
тарапынан койған сұрақтарға маман толыққанды жауап берді.
Жиын барысында толық және қызықты мағлұмат алған студенттер алғыстарын білдіріп, пікірлерімен бөлісіп өтті.

БӨЛІСУ