3 желтоқсан күні облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында «Білім саласы және әлеуметтік кәсіпкерлік салалық кеңесінің отырысы өтті.

Жиынды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық жүргізді. Отырысқа кеңес мүшелері мен Палата өкілдері қатысты.

Отырыс кеңес мүшесі, әлеуметтік кәсіпкер Қуанышкүл Дәулетиярқызын кәсіпкерлік саласына қосқан үлесі үшін Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Райымбек Баталовтың «Алғыс хатын» Палата директоры табыстаумен басталды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – кеңес төрағасын сайлау бойынша қатысушылар бірауыздан төрағалыққа Руслан Дүлдүл кандидатурасын қолдады. Дүлдүл Руслан Кажденбекұлы қаламыздағы «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің директоры, сонымен қатар, заманауи «Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейінің құрылтайшысы.

Келесі мәселе бойынша Палатаның ҰКП мүшелерімен жұмыс жасау бойынша маманы Г.Таңатова палата делегаттарын (мүшелерін) сайлауды өткізу қағидалары және өңірлік кеңестерді қалыптастыру тәртібі туралы түсіндірме жүргізді.

Сонан соң, қатысушылар Ереже талаптарына сәйкес сайлау нысанын таңдады, кеңестің тұрақты мүшелері бірауыздан ашық дауыс беруді шешті.

Сонымен бірге, жиын барысында кеңес мүшелері өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы жоспарларды талқылады.

БӨЛІСУ