6 желтоқсан – Прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қызылорда қаласында шахматтан жарыс өтті. Сайыс шахматтың блиц түрі бойынша ұйымдастырылып, оған прокуратура саласының оннан аса қызметкері қатысты.

Мереке қарсаңында өткізілген сайыстың ашылуында облыс прокуроры Риазабек Ожаров сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Мерейлі мереке аясында ой додасынан, шахмат турнирін өткізгелі отырмыз. Мың жылдықтар тарихы бар спорт түрін таңдауымыз да бекер емес. Қарсыластың бағытын бағамдау, стратегияға мән беру, әртүрлі тактикаларды меңгеру, әрбір жүрісті алдын ала ойластыру арқылы ғана жеңіске жетуге болады. Терең ой мен сана, ақыл сыналатын бұл сайыс біздің қызметімізбен астарлас деп айтсақ қате емес»,-деді.

Айналмалы жүйе негізінде өткен сайыста барлық қатысушылар жеке дара кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздар облыс прокуорының алғыс хатымен марапатталды.

БӨЛІСУ