Облыс әкімінің тасырмасына сәйкес 2023 жылдың қырүйек айында «Жасыл Қызылорда» КММ-сі құрылып, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап өз жұмысын атқаруда.
Қала аумағына 2024 жылдың көктем айларында 8000 көшет отырғызу жоспарланған болатын. Бұл меже артығымен орындалды, яғни 11 000-нан аса ағаш көшеттері отырғызылды.
Оның ішінде, ауа райына қолайлы, құрғақ, ыстық, шөлге төзімді сыр талы, терек, қарағаш және сәндік (катальпа, айлант, ясин) ағаш көшеттері аяқ су тұрақты беріліп тұрған С. Бейбарыс, Қорқыт ата, А. Сағымбаев және қаламыздың орталық көшелеріне отырғызылды.
Қаламызда орналасқан Жібек жолы, Сарқырама, Табиғат және қалалық каналдары ағымдағы жылдың наурыз айында толық тазаланды қалаішілік арық жүйелерін тазалау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы қалаға Сырдария өзені және каналдар арқылы арнайы
19 жерден насос қондырғыларымен аяқ су берілуде.
Қазіргі таңда «Жібек жолы» каналы бойындағы, «Сыр ана» монументі жанындағы, Тәуелсіздік көшесі бойындағы және Тұңғыш Президент атындағы саябақта орналасқан су сорғыш (насос) қондырғылары арқылы қалаға аяқ су тұрақты берілуде.
Атап айтқанда, «Жібек жолы» каналы бойында орналасқан су сорғыш қондырғысы арқылы Н. Назарбаев, Астана даңғылы және Сырдария мөлтек ауданы, шамамен 6 шақырым болатындай каналдар мен арық жүйелері аяқ сумен қамтылды.
«Сыр ана» монументі жанындағы су сорғыш қондырғысы арқылы С.Бейбарыс көшесі және «Береке» саяжайы шамамен 1,5 шақырымдықұрайтын каналдар мен арық жүйелері арқылы аяқ сумен қамтылды.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік көшесі бойында орналасқан су сорғыш қондырғысы арқылы қаламыздың ең ірі ішкі каналдардың бірі Сарқырама және орталық көшелерде орналасқан арық жүйелерін және Тұңғыш Президент атындағы саябақта орналасқан су сорғыш қондырғысы арқылы аталған саябақты да толық аяқ сумен қамтылуда.
Шаһар аумағын көгалдандырып, көріктендіру үшін 640 500 дана роза, кан, катарантус, циннии, петуния, тагетис, бархатцы, цинерария, пеларгония гүлдері қаладағы Тұңғыш Президент атындағы саябаққа, Сыр ана монументіне, облыстық әкімшілік ғимараты алдына, Ж. Бахадүр ескерткішінің жанына, Н. Назарбаев даңғылы бойына, қуғын-сүргін құрбандарына арналған монумент аумағына, қалалық әкімшілік ғимараты жанына, қаламгерлер аллеясына, Б. Шөкенов атындағы саябаққа, Тағзым алаңына, Жаңқожа батыр ескерткішінің аумағына егілді.
Мекеменің қаржылық экономикалық негіздеме бойынша бөлінген қаражат бойынша
«Жасыл Қызылорда» КММ-не 2024 жылы облыстық бюджеттен
626 млн. теңге қаржыға жалпы саны 25 данаарнайы техникалар және
17 дана құрал-жабдықтар сатып алуға бөлінді.
Оның ішінде, 16 дана арнайы техника және 8 дана құрал-жабдықтары пайдалануға беріліп, қалған 9 дана арнайы техника, 9 дана құрал-жабдықтарға конкурстық өтінімдер қабылдануда.
Қалалық бюджеттен 64,1 млн. теңгеге 1 дана арнайы техника сатып алуға қаржы бөлініп, қазіргі таңда пайдалануға берілді.