«АLEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС емханасында Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалы мамандарының қатысуымен «Менингококк ауруының клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алу, зертханалық материалдарды алу, сақтау және тасымалдау ережелері және эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында Қазақстан республикасы бойынша менингококк инфекциясы эпидемиологиялық ахуалмен таныстырылып және орындалуы қажетті қаулылар мен бұйрықтардан мағлұматтар берілді.
Менингококк инфекциясы – бактерия тудыратын, жіті инфекциялық ауру. Науқас адамдар инфекция көзі ретінде айналасындағыларға қауіп төндіреді және жөтелгенде, түшкіргенде сыртқы ортаға қоздырғышты белсенді түрде бөледі.
Аурудың инкубациялық кезеңі орташа есеппен 2-4 күн. Менингоккты менингит жұқпалы ауруы кенеттен басталады, бас ауруы, құсу, денеде жұлдызша секілді бөртпелердің пайда болуы, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, дененің қалтырауы негізігі белгілері болып табылады. Науқастың тері қабаты бозарып, жалпы әлсіздік, денесінде және аяқ-қолдарында ауырсыну байқалады. Ауру симптомсыз бактерия тасымалдаушылықпен және жіті менингококк назофарингиті түрінде, әлсіз көрінетін интоксикация және ринофарингит белгілерімен өтуі де мүмкін, клиникалық белгілері бойынша ЖРВИ-ға ұқсайды.
Менингит диагнозы мұрын-жұтқыншақтың сілекейлі қабығынан бактериологиялық зерттеуде оң нәтиже шыққанда қойылады. Менингит өкінішке орай асқынған генерализацияланған түрінде менингит және менигококцемия (менингококкты сепсис) түрінде өтуі мүмкін.
Семинарда медицина қызметкерлеріне менингококк ауруының алдын алуда, халықтың денсаулығын сақтау, тұрғындар арасында салауаттылық өмір салтын насихаттау, менингококк ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұру, санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыру мақсатында менингококк аурулары туралы кеңінен насихатталып, түсіндірілді.