Бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы әкімдігінің және оған бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандарына Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңның нормаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңы мен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қағидаларына сәйкес сатып алуды өткізу рәсімдері талқыланып, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері тарапынан қатысушыларға мемлекеттік сатып алуды жоспарлау барысы мен жариялау үшін өтінімдерді ұсыну тәртібі түсіндірілді.

Семинар қорытындысымен қатысушылар түрлі тақырыптарда өз сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

БӨЛІСУ