Бүгін «Бизнеске арналған үкімет» КММ-нің алаңында Қытай Халық Республикасының Qimingxing New Energy Technology (Hangzhou) Co., Ltd. компаниясының бас директоры Zhaolun Di, бас директордың орынбасары Haiyang Jiang мен «Өрлеу Темір» ЖШС құрылтайшылары Бекен Ынтымақ, Зурихан Өрлеу, Кенжеғұл Ғани инвесторларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Мекеменің көрсететін қызметтері туралы түсіндіріліп, оның ішінде инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау шаралары (преференциялар) және бизнес-жоспар әзірлеу қызметі бойынша ақпараттар беріліп, жобаны сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу барысында толық қолдау білдіретінімізді жеткіздік.
Алдағы уақытта Сыр өңірінде жаңа жобаның жүзеге асуына бірлесіп атсалысуға келісімге келді.

Соңғы 2 жылда облыста 19,6 млрд. теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске қосылды. Биыл 31,3 млрд. теңгенің 14 жобасын жүзеге асыру, 409 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Одан бөлек, инвестицияның жаңа толқынын тарту мақсатында 77 млрд. теңгенің 6 жобасы бойынша жұмыс басталды.

Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға барлық қаржы көзінен 34,5 млрд. теңге қарастырылды. Екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары арқылы 3 мыңға жуық жоба қаржыландырылуда. Қолдау шараларының нәтижесінде соңғы екі жылда шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған адамдар саны 15,4%, өнім шығару көлемі 1,7 есе, салықтық түсім 45,4% ұлғайып, кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 18,9%-ға жетті.

БӨЛІСУ