Облыс прокуроры Ризабек Ожаровтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы түлектерін қызметке тағайындау мен алғашқы сыныптық шен беру шарасы өтті.
Жаңадан тағайындалған 12 маман алғашқы еңбек жолын қала және аудандардағы прокуратурадан бастайтын болады. Жиында сөз алған облыс прокуроры жас қызметкерлерге сәттілік тілеп, жетістікке жету мен биік шыңдарды бағындырудың жалғыз кілті білім мен ізденісте, еселі еңбекте екендігін жеткізді. «Шыны керек, Мемлекетте заң үстемдік орнатпай және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмей, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтыны анық.
Сондықтан да егеменді елдің ертеңі жолында, бойға жиған білімдеріңіз арқылы құқық және заңнама саласындағы барлық өзгерістерді тиісті деңгейде мүлтіксіз орындайды деп сенемін.
Тек биік белестерді бағындырып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе берулеріңізге және қандай қиындық кездессе де мойымай, өздеріңіздің таңдап алған салаңыздың кәсіби маманы болуларыңызға тілектеспін»,-деді Р.Ожаров.