Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөсіпірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Осы орайда, бір апталық рейдтік шаралар нәтижесінде 66 құқық бұзушылықтар анықталды.
Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуына жол бергені үшін 48 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді; 5 ата – анаға қатысты ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік шара көрілді. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 16 әкімшілік хаттама ресімделді.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 6 жасөспірім орналастырылды.
Құрметті ата аналар түнгі уақытта балаларыңызды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда!