Жылу беру маусымы кезінде тұрғын үй секторларында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы профилактикалық түсіндірме жұмыстары Ақсуат ауылдық округінде жалғасты.
Аралауда қала әкімдігі мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.
Айта кету керек, өрттің басым бөлігі тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан, яғни ашық отты пайдалану, ақауы бар электр бұйымдарын қолдану және балаларды қараусыз қалдыру салдарынан орын алуда.
Бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстары қала көлемінде жүргізілуде.