Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей базасында «Экологиялық білім беру тенденцияларын тиімді қолдану арқылы интеграциялап оқыту» тақырыбында онлайн және оффлайн форматта форсайт-сессия болып өтті.

Форсайт-сессияға химия, биология, география және «Жаһандық құзыреттер» курсынан сабақ беретін мұғалімдер қатыстырылды.
Семинардың мақсаты: білім беру ұйымдарында экологиялық білім беру мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экология ғылымын жалпы пәндермен кіріктіріп оқытудың тиімді жолдарын игеру, оқушыларды қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Семинар барысында «Ғылыми-зертханалық тәжірибе алаңы» «Биогум» жобасы барысындағы ғылыми-зертханалық орталықтың тәжірибесі, «КЕЙС –STADY» Табиғат ресурстарын қалай пайдаланамыз, «LESSON INTEGRATION» -Су ресурстарының экологиялық мәселелері, «ФОРСАЙТ –СЕССИЯ» «Білім мен ғылымның заманауи даму тенденциялары» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстары, ашық сабақтар, шебер-сыныптар ұйымдастырылып, тәжірибе алмасты.

БӨЛІСУ