Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі қызметкерлері отырысында МЖМБС жобасы таныстырылды.

Алтынсарин академиясы бастауыш/негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасы талқыланды.

Стандарт апробациясы 2025-2026 оқу жылында басталып, 2026-2027 оқу жылында толық іске асыру жоспарланған.
Талқылау барысында МЖМБС жобасында оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілге баса мән берілгені, білім берудің инклюзивті тәсілін арттыруға және МЖМБС тиімділігін бағалауға бағытталған бірден бірнеше норма енгізілілгеніне, сонымен қатар «Әлеуметтік GPA» жаңа ұғымы да қосылғанына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жаңа МЖМБС жобасында білім беру ұйымдарының таңдауы бойынша пәнаралық біріктіріп оқыту ұсынылып отыр: «Алгебра» мен «Геометрия» пәндерін «Математика» пәніне, «Физика», «Химия», «Биология» пәндерін «Жаратылыстану» пәніне, «Әлем тарихы», «Құқық негіздері» пәндерін «Әлеуметтік ғылымдар» пәніне кіріктіру.
МЖМБС талаптары оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуде, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектепішілік бақылау, педагогтерді аттестаттау, оқыту нәтижелерін бағалау, қорытынды аттестаттау және білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу кезінде міндетті болып табылады.
Білім беру стандарттарын өзектендіру – білім беру саласындағы заманауи үрдістерді, цифрландырудың, жасанды интеллекттің қарқынды дамуын ескеруге мүмкіндік беретін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе.

БӨЛІСУ