Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партия филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңес мүшелерімен бірге қаланың сол жағалауындағы шағын өнеркәсіптік парктің құрылыс жұмыстарымен танысты.
«AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасында өңірде өнеркәсіпті дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді мақсат етті. Соның ішінде өндіріс орындарының жылдам іске қосылуына жағдай жасау үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген шағын парктердің ұйымдастырылуына ықпал етуді көздеген болатын. Бүгінгі таңда, өңірде жаңа өндірістерді орналастыру үшін шағын өнеркәсіптік парктер құру бойынша нақты жұмыстар қолға алынып, Қызылорда қаласының сол жағалауында жалпы жер телімі 4 га болатын, 2 шағын өнеркәсіптік парк құрылысын жүргізілуде.
ЖК «Тұмар», «Техноснатка-Ремсервис» ЖШС-нің 2 шағын өнеркәсіптік паркінің жалпы құны 1052 млн. теңгені құрайды. Шағын өнеркәсіп парктерін құрудың негізгі операторы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар болып табылады.
Қазір «Тұмар» жеке кәсіпкері паркі ғимаратының қабырғалары көтеріліп, төбесін жабу жұмыстарына дайындық жұмыстары жасалуда. Мониторингтік топ құрылыс қарқынын көріп, кәсіп иелеріне сәттілік тіледі.
Атап өтейік екі кәсіпкерде шағын өнеркәсіп аймағында тамақ өнеркәсібін дамытуды жоспарлап отыр.