22 қарашада облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында Әйелдер кәсіпкерлігі салааралық кеңесі отырысы өтті.

Кеңестің мақсаты өңірдегі кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділін ынталандыру, іскер әйелдердің мәртебесін арттыру. Әйелдер арасында кәсіпкерлікті және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыту, сондай-ақ, әйелдер үшін жаңа жұмыс орындарын құрып, жұмыспен қамту болып табылады.

Отырысқа Әйелдер кәсіпкерлігі салааралық кеңес мүшелері мен Палата өкілдері қатысты. Жиынды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық жүргізіп, қатысушыларды кеңестің міндеттері және алға қойған мақсаттарын айтып өтті.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – кеңес төрағасын сайлау бойынша қатысушылар бірауыздан Венера Дәулетбаева кандидатурасын қолдады.

Дәулетбаева Венера Нартайқызы Қызылорда қаласындағы «Venera Print» ЖШС директоры, облыстық іскер әйелдер кеңесінің және «Woman Asia» қауымдастығының мүшесі.

Келесі мәселе бойынша Палатаның ҰКП мүшелерімен жұмыс жасау бойынша маманы Г.Танатова өңірлік кеңестерді сайлауды өткізу қағидалары және қалыптастыру тәртібі туралы түсіндірме жүргізді. Сонымен бірге, жиын барысында кеңес мүшелері өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы жоспарларды талқылады.

БӨЛІСУ