Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен балаларға жалпы білім беру ұйымдарының асханаларын жалға алушы кәсіпкерлерге және олардың қызыметкерлеріне «Білім алушылар арасында дұрыс тамақтануды ұйымдастыру» тақырыбында №10 мектеп асхана қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Семинарда “Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидалар «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесі», “Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу” қағидалары, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және олардың таңбалануы, өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және 2025 жылдың 1 қаңтардан бастап «Жеке медициналық кітапша» берудің цифрлық форматына көшу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сұрақ-жауап, пікірталас, өзекті мәселелерді талқыланып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

БӨЛІСУ