Бүгін партияның облыстық филиалының Төрағасы Алмасбек Есмаханов пен Атқарушы хатшы Ләйлә Төрешованың қатысуымен облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның отырысы өтті. Онда партияның сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асыруға бағытталған Жол картаның орындалуы, сонымен қатар оны 2025 жылға қаржыландыру жағдайы талқыланды.
Бүгінгі күні аймақтық Жол картада жоспарланған 116 іс-шараның 70-і орындалды, 46 шара орындалу сатысында. Атқарылған жұмыстарды атап өтер болсақ, білім саласы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорда қаласында 900 орындық мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 3 мектеп құрылыс аяқталады.
Денсаулық сақтау саласы бойынша облыстық қан орталығының құрылысы аяқталып, нысан қызмет көрсетуде.
11 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандары мен Сексеуіл кентіндегі аурухана құрылысы желтоқсан айында аяқтап, іске қосу күтілуде. Медицина ұйымдарына 2 дана КТ, 3 дана рентген аппараттары сатып алынды.
10 елді мекен газбен қамтамасыз етіліп, 25,6 мың адам көгілдір отын игілігін көре бастады. Жыл аяғына дейін тағы 1 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
2 елді мекенге су тұщытқыш қондырғысы орнатылды. Қызылорда қаласының 9,3 шақырым жылу желілері жаңғыртылды.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция инспекторларына 10 автокөлік сатып алынды. Қызылорда қаласының Бәйтерек-1 шағын ауданында 1 полиция пунктінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді және 2 полиция пункті сатып алынды.
Электр желілерінің тозуын төмендетіп, тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаралып, 46 дана трансформаторлық станция жөндеуден өтті, 23,7 шақырым электр желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңына дейін «Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электр желілік жүйені жаңғырту» және «Шаған ауылдық округінің тұрғын аймақтарын электрмен қамту» жобаларының аяқталуы күтілуде.
Сонымен бірге осы жылы «Шиелі кентінде 220/35/10 кВ «Шиелі» қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстары бастау алды.
Жергілікті маңызы бар жолдардың 144,8 шақырымы күрделі және орташа жөндеуден өтті.
Қызылорда қаласы мен аудандардың 148,7 шақырым елді мекен көшелері жөнделді. Жиында сөз алып, атқарылған жұмыстарды тілге тиек еткен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов әрбір шараның іске асырылуына жауапты басқарма басшылары мен оған бақылау жүргізетін фракция мүшелеріне тәуекелді шараларды болдырмау жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.
Жол картаны келер жылы толыққанды және мерзімінде іске асыру үшін бюджет жобасында барынша қажетті қаржылар жоспарлануы керек. Жиын барысында алдын ала жаслаған болжам бойынша тиісті ұсынылған қаржыларды атап өтіп, тұрақты комиссияларда ұсыныстарды келісе отырып аймақтан сайланған Парламент депутаттарымен тиісті жұмыстарды жүргізуге шақырды және келер жылы жоспарда бар, бірақ ЖСҚ дайын болмаған, мәселесі қаралып жатқан нысандар да назардан тыс қалмауы қажеттігін айтты.
Жиын барсында фракция мүшелері жауапты индикаторлары бойынша басқарма басшыларына сауалдар қойып, ұсыныстарымен бөлісті.