Аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындардың талап-тілектеріне сәйкес Жосалы кентінде көтерілген маңызды мәселелерді қарады.
Алдымен Бойный мөлтек ауданындағы су жиналу мәселесі мен жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жайын қарап шықты. Бұл мәселелерді шешу бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші негізінде Жосалы кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты.
Одан бөлек, аудан әкімі а. ж. қараша айында Жосалы кентінде тұрғын үйі өртенген отбасының жағдайымен танысты. Қазіргі таңда бұл отбасыға аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен қажетті көмектер көрсетілуде.