Бүгін облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті кеңейтілген отырысы өтіп, оған облыстық мәслихат депутаты Балжан Шәменова төрағалық етті. Комиссия отырысына облыстық мәслихат депутаттары және тиісті сала мамандары қатысты.

Комиссияның күн тәртібіндегі «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет» жобасын талқылау бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілері (облыстық полиция департаменті, облыс әкімінің аппараты) облыстық бюджет жобасын талқылау мен алдын-ала қарау және бөлінген қаржының қай бағытта, қандай жұмыстарды атқаруға жұмсалатындығы туралы баяндады.
Өз кезегінде халық қалаулылары талқылауға түскен мәселелерге байланысты бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, алдағы уақытта сала басшыларының бірқатар мәселелерді ескеруін сұрады.

БӨЛІСУ