Партияның қалалық филиалында Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібі бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасындағы Қызылорда қаласына қарасты елді мекендерді газбен қамтамасыз ету деңгейі туралы;
Электр желілерінің тозу деңгейін 69%-дан 65%-ға дейін төмендету бойынша атқарған жұмыстары;
Білім беру нысандарының құрылысын жүргізу, оның ішінде: 2024 жылы Қызылорда қаласындағы Арай мөлтек ауданында 1500 орындық мектеп, КБИ мөлтек ауданында 600 орындық мектеп, Қызылжарма ауылындағы 600 орындық меткеп, СПМК-70 мөлтек ауданында 1500 орындық мектеп құрылыстарының қазіргі жағдайы туралы мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқарма» басшысының міндетін атқарушы Ізмағамбетов Бауыржан Нұрланұлы: Қазіргі таңда, инвестициялық бағдарлама аясында облыстық бюджеттен 1.6 млрд. теңге қаралып, Қызылорда облысы көлемінде қосалқы станциялармен электр желілеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізе отыра, жыл соңына дейін электр қондырғыларының тозу деңгейі 66%-дан 64%-ға төмендегенін,-атап өтті.
Ал үшінші мәселе бойынша баяндаған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ң Қызылорда облысы филиалының жекетші маманы Тұрлыбеков Гафур Абдуллаұлы Ұлттық жоба аясында салынып жатқан мектеп құрылыстарының сапалы орындалуын, меже бойынша пайдалануға беру туралы тапсырмалардың берілгенін айтты.
Комиссия мүшелері аталмыш мектептердің партияның Сайлауалды бағдарламы аясында салынып жатырғандығын еске сала отырып, бақылау жұмыстарын күшейтіп, ел игілігіне сапал түрде тапсыру керектігін атап өтті.

БӨЛІСУ