Бүгін жылу беру маусымы кезінде тұрғын үй секторларында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Белкөл кентінің аумағында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аралау барысында қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен “QazaqGaz” ҰК өкілдері әлеуметтік тұрмысы төмен қатты отынмен жылытылатын үй тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.

Айта кету керек, өрттің басым бөлігі тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан, яғни ашық отты пайдалану, ақауы бар электр бұйымдарын қолдану және балаларды қараусыз қалдыру салдарынан орын алуда. Бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстары қала көлемінде жүргізілуде.

БӨЛІСУ