Партияның «Кitap-AMANAT» орталығында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қоғам қайраткерлері, ардагер журналистер, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Жүзбай Таңрықбаев және Халықаралық жазушылар одағының мүшесі Бейбітбек Бүркітбайұлы жастармен кездесу өткізді.

Басқосуға қаладағы іргелі оқу орындарының журналистика мамандығында білім алатын студенттер, партияның еріктілері қатысты.
Алдымен қазақ баспасөзінің бүгінгі жағдайына тоқталған ардагерлер басылым беттеріндегі өзекті жаңалықтарды, сараптамалық мақалаларды жазу, баспасөз беттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жастармен пікір алмасты.
– Жалпы мамандық таңдағаннан кейін сол ізбен өмір бойы жүріп өту керек. Бүгінде мамандығы басқа, жұмысы басқа жастар көпшілік. Сондықтан, ұзақ жылдар оқып, білімін жетілдірген мамандар өз саласының майталманы болуы шарт,-деді Жүзбай Ибрагимұлы.

– Бүгінде жас тілшілер жаңалық жазумен қатар сараптамалық мақалаларды жазумен де шұғылдануы керек. Ол үшін тарихты, дінді, әдебиетті, саясатты, партия жұмыстарын жетік білу қажет. Бұл өзінің жиған білімі арқылы сапалы мақалала жазуға, нәтижесінде тұрақты оқырмандарын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді,-деді Бейбітбек Бүркітбайұлы.
Кездесуде ардагер журналистер қоғамның бүгінгі бетбұрысы мен жастардың хоббиіне де тоқталды.
– Әлеуметтік желіде кейбір жастардың бұрыс нәрсеге еліктеп жүргенін байқадым. Сондықтан, әр отбасыда бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлінуі керек. Бүгінгідей отбасыны асырау – ақша табумен ғана шектеледі деген ұғымды жоққа шығару керек. Шаңырақтың материалдық жағдайымен қоса рухани байланығының қорын ұлғайтуда ды ұмытпау керек,-деді Жүзбай Таңрықбаев.

– Қай кездеде жас ұрпақтың бойынан отансүйгіштік қасиеті аңқып тұру керек. Ел үшін, партия үшін деп ұрандатып, барлық бастамалдарды қолдау – мемлекетке үлкен көмек,-деді Бейбітбек Бүркітбайұлы.

Жастармен кездесуде студенттер ардагер журналистерге сұрақтар қойып, толғандырған сауалдарына жауап алды. Кездесу соңында жазушы журналист Бейбітбек Бүркітбайұлы кітап орталығына «Жанжырлы нар» атты жаңа кітабын сыйға тартты.

БӨЛІСУ