Биыл аймағымыздың жол құрылысын дамытуға 44 млрд. 703 млн. теңге бөлініп, 300 шақырымнан аса жол жөндеуден өтуде. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асады.
2022 жылы республикалық маңызы бар «Қызылорда –Жезқазған»автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары (108,5 млрд. теңге) басталды.
Облыс аумағындағы 216 шақырымжолдың биыл
140 шақырымына реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жобаны 2025 жылы толық пайдалануға беру жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі
566 шақырым жолды 1-санатқа ауыстыру мәселесі бойынша «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамымен жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде (жобамен 1,2 трлн.теңге).
Облыс орталығының негізгі көшелері: әуежайдан – Бибарыс көшесінедейінгі аралық, қаланың Шиелі ауданынан кіре беріс жолы, қаланың магистралды Яссауи, Жаппасбай батыр көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы (С.Бейбарыс көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейін)төртжолақты болып кеңейтілді.
Қызылорда қаласында 4 млрд.700 млн. теңгеге Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін темір жол асты автожол, Аралқаласында құны 3 млрд. 100 млн теңгеге, Жаңақорған кентінде құны 1 млрд 400 млн теңгеге темір жол үстінен өтетін аспалы көпір құрылыстары жүруде.
Желтоқсан айында Қармақшы ауданы Жосалы кентінде құны
5 млрд 500 млн теңгеге дәл осындай аспалы көпір құрылысы басталады.
Көлік-логистика саласында да жетістіктеріміз көп. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен өткен аптада ҚазақстанРеспубликасы Премьер-министрі Олжас Абайұлы Бектенов Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалын салтанаттытүрде ашты.
Жобаны іске асыруға Президентіміздің тікелей тапсырмасына сәйкес Болат Өтемұратов қоры 16 млрд 600 млн теңгеинвестиция салды.
Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.
Мемлекеттің теңгеріміндегі жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.
Қазіргі таңда қосымша әуе бағыттарын, оның ішінде халықаралық рейстер ашу бойынша жұмыстар жасалуда.