Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды және қоғамдық кеңес мүшелерінің басты назарында. Осы мәселе тамыз айында өткізілген кеңес отырысында кеңінен талқыланып, бас тоған құрылымының жұмысымен танысу жоспарланған болатын. Нәтижесінде бүгін, 2024 жылдың 20-қараша күні «Бас тоған» су жинау құрылымының жұмыс барысымен танысты.
Аралауға, қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері, Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Қызылорда қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Қызылорда «Су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.
Қазіргі таңда бас су жинау кешенінің жалпы қуаттылығы 56,5 мың текше метрді құрайды. Бас су жинау кешенінің құрылысы 1968 жылы салынып пайдалануға берілген. Сол уақытта І-ші және ІІ-ші су көтеру насос станциялары мен 10000 текше метрлік 1 резервуар мен 2000 текше метрлік 2 таза су резервуарлары болған. Су сүзгілеу станциясының қуаттылығы тәулігіне 22,5 мың текше метрді құраған.
Күнделікті 56 ұңғымадан тәулігіне 41,2 мың текше метр ауыз су өндіріліп тұтынушыға таратылып отыр. Жылда қыс мезгілінде тәулігіне 58 ұңғымадан 40-42 мың текше метрде таратылса, жаз мезгілінде 95-100 мың текше метрге дейін берілді. Бас тоған су алу құрылымын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сырдария өзенінің суы механикалық тазартудың 5 кезеңінен өтеді, тұндырғыш, коагуляция, араластырғыш, түстендіргіш, сүзгіш залалсыздандыру (хлорлау) өтеді. Судың органолептикалық көрсеткішін, лайлығы, түстілілігі, иісін, қалдығы тағы басқа құрамын зертхананың өндірістік таза су сапасын бақылау кестесімен әр сағатта тәулік бойы зертхана тексереді.
Тұндырғыштан судың түстілігіне қарай реагент AL2(SO4)3 коагулянт қосылып (сульфат аллюминий) зертханалық тексерумен зерделенеді. Сырдария өзен суы көктем-күз айларында судың құрамында өзгерістер жалпы минериализациясында байқалады. Сульфат SO4 382/820мг/л, жалпы кермектік 8,5/13,0 мг.экв/л, құрғақ қалдық (минерализация) 810/1600 мг/л, лайлылығы 3,14/90мг/л, түстілігі 19,50С/1530С. Орталықтандырылған ауыз су тарату жүйесіне берілер алдында жер асты су көзі ұңғыма суымен араласып Қызылорда халқына тұтынушыларға СанПин-ге сәйкес таза сапалы ауыз су беріледі.
Ауыз су сапасы ҚР ДСМ 24.11.2022ж №138 бұйрық «Су көздеріне, шаруашылық ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық ауызсуымен жабдықтауға, суды мәдени тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын Санитариялық эпидемиологиялық талаптарға» сай.
Бас су жинау ғимаратына «Степь» және «Бас тоған» су алу құрылымдарындағы ауыз су ұңғымаларынан таза су резервуарларына жиналып ІІ-ші су көтеру насос станциясы арқылы 4 водоводпен қалаға жіберіледі. Оның 2-водоводы транзиттік.
Қазіргі таңда бас тоған су алу имаратында барлығы 47 қызметкер қызмет атқарады.
Көлемі 2000 текше метрлік 2 таза су резервуарларының тозығы жеткендіктен консервацияға қойылды. Қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
«Ақбұлақ» бағдарламасымен «Қызылорда қаласының ауыз су мен кәріз жүйелері мен имараттарын 2015 жылға дейін қайта жаңғырту» жобасы негізінде 2008-2011 жылдары бас тоған су алу имаратына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, қуаттылығы тәулігіне 34,0 мың текше метрді құрайтын №2 су сүзгілеу станциясы мен 2400м3-2 дана таза су резервуарының құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді, №1 су сүзгілеу станциясы қайта жаңғыртылды және Қызылжарма кең орнынан 57 бірлік жер асты су алу ұңғымалары бұрғыланды.
Қазіргі таңда күнделікті 56 ұңғымадан тәулігіне 41,2 мың текше метр ауыз су өндіріліп тұтынушыға таратылып отыр. Жылда қыс мезгілінде тәулігіне 58 ұңғымадан 40-42 мың текше метрде таратылса, жаз мезгілінде 95-100 мың текше метрге дейін берілді.
Бүгінгі күнге кәсіпорын 84 769 тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде, 80 397 тұтынушы – жеке тұлғалар, 239 – бюджеттік мекемелер, 4133 –шаруашылық және өзге де тұтынушылар.
Ауыз су сапасы Қазақстан Республикасында бекітілген стандарттарға, яғни 2874-82 ГОСТ-қа сай келеді. Судың сапасын қадағалау жұмыстары күнделікті кәсіпорынның аттестациядан өткен базалық зертхана мамандарымен әр 30-60 минут аралығында жүргізіліп отырады. Сонымен қатар қалалық орталық ауыз су жүйелеріндегі 19 су алу нүктесінен күнделікті бактериологиялық және химиялық сынамалар алынып сараптамалар жасалынады.
2021 жылы Бас су жинау кешенінің ІІ-ші су көтеру насос станциясындағы №1 және №3 насос қондырғыларына кәсіпорынның өз қаражатымен 17,8 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни, насос қондырғысының әбден тозығы жетіп шіріп желінген қосалқы бөлшектері насос қондырғысын дайындаушы зауытпен әзірленіп қайта ауыстырылып, орнатылды. 2022 жылы І-ші және ІІ-ші су көтеру насос станцияларындағы насос қондырғыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары 5,3млн.теңгеге жүргізілді.
Бұл насос қондырғылары Австрия елінің өнімі, 2008 жылдары қайта жаңғырту барысында орнатылған.
Жұмыс жасау уақыты 10 жылдан асқандықтан әр насос қондырғысы жыл сайын жоғарыда айтып өткендей қомақты қаржыға жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Қоғамдық кеңес мүшелері алдымен қазіргі таңда консервацияда тұрған күрделі жөндеуді қажет ететін ІІ-ші су көтеру насос станциясымен танысып, бірқатар мәселелер талқыланды.
Талқылау барысында қала тұрғындарының ауыз суды тұтынуы бойынша қарыз қаражаттарын жинауды бір жүйеге келтіру, жаз мезгіліндегі су тапшылығы, сол жағалаудағы жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту, қала аумағындағы ауыз су ұңғымаларының электр қуатына мекеменің қарызы жөнінде тағы басқа мәселелер көтерілді. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға Қызылорда «Су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны басшылығы тиісті жауаптар берді.