2024 жылдың 9 ай қорытындысымен паразитологиялық аурулардың 802 дерегі тіркелді, оның ішінде 18% гельминтоздар, 73,8% жұқпалы тері инфекциялар, 8,2% ішек протозойлық инвазиялар құрайды.

​Паразитарлық аурулардың кейбір жекелей түрлері бойынша төмендеу тенденциялары байқалады. Атап айтқанда, эхинококкоз 1,7 есеге, аскаридоз 3 жағдайға, энтеробиоз ауруы 13,3%-ке, ішек протизойлық инвазиялар 13,3% азайған.

Жыл сайын паразиттік ауруға шалдыққандардың басым көпшілігін 14 жасқа дейінгі ұйымдасқан ұжымдардағы балалар құрайды.

Паразиттік аурулардың алдын алу үшін Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесідей сақтық шараларын орындау қажеттігін еске салады:
*жеке гигиена ережелерін ұстану;
*қоғамдық тамақтандыру орындарында, асүйде санитариялық ережелерді орындау, өнімдердің пісіру технологиясы мен сақталу мерзімінің бұзылмауына назар аудару;
*азық-түлікті тек арнайы рұқсат құжаттары бар белгіленген сауда орындардан сатып алу;
*қайнатылған және құтыдағы суды пайдалану;
*барлық мал шаруашылығы азық-түліктерін, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін қолданар алдында мұқият тазалап, термиялық өңдеуден өткізу;
*жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды жиі ылғалды жинау;
*балалардың үй жануарларымен жақын қарым-қатынасын шектеу, жануарлармен жанасқаннан кейін қолды сабындап жуу;
*үй жануарларын уақытылы ветеринариялық тексеруден өткізу;
*төрт түлікті төлдету, қырқу, сою кезінде арнайы киім киіп, қолғаппен жұмыс жасау.
Аталған сақтық шаралары паразиттік және инфекциялық ауруларды жұқтырып алу қаупін төмендетеді. Кез келген аурудан сақтанудың негізгі жолы олардың алдын алу шараларына салғырт қарамаудың маңызды екендігін ұмытпаңыз.

БӨЛІСУ