Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №282 мектеп-лицейінде 2-7 сынып оқушыларының арасында, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәнінен «Зерде» Республикалық зерттеу жобаларының конкурсының қалалық кезеңі өтуде.
Конкурстың негізгі мақсаты: балалардың зерттеу кызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Жобаға қатысушы оқушылар өздерін шығармашылық тұрғыдан жоғары деңгейде көрсете білетініне сеніміміз мол.
Қалалық кезеңнен суырылып шығар оқушыларымызға,облыстық кезеңнен жүлделі орындарға қол жеткізеді деген үлкен сеніммен, толағай сәттіліктер тілейміз.