«Бизнеске арналған үкімет» КММ-нің алаңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтерді алуға заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында қызмет берушілерге «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара халықтың нысаналы топтары, әсіресе кәсіпкерлерге рұқсат құжаттарын, лицензия алуға, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, мемлекеттік бағдарламаларды және т.б. құралдар бойынша ақпаратандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы, Қызылорда облысының ветеринария басқармасы, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, “Қызылорда” Өңірлік инвестиция орталығы” МҚҰ, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ, “Атамекен” қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы, Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жауапты қызметкерлері қатысты.
2024-11-19