Ағымдағы жылдың қараша айының 18-ші жұлдызында «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» КММ ғимаратында жазасын өтеген және пробация қызметі есебінде тұратын азаматтар арасында «Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында «Шахмат пен дойбыдан» спорттық іс шара өткізілді, жарысқа пробация қызметі есебінде тұратын 15 тұлға қатысты. Іс шараға Қызылорда қаласы пробация қызметінің бастығының орынбасары әділет майоры Байсариева Гүлнұр, Қызылорда қаласының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің әдіскері Ақарыс Асқарбекұлы және орталық мамандары қатысты.
Жарыс қызықты өтті, жеңімпаздар Қызылорда қаласының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің мадақтама грамоталары, медальдары және жекелей бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Қазір пробация қызметі бойынша сотталған адамдарды өмірге бейімдеуге арналған бірқатар бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Ондағы талап бойынша пробация есебінде тұрғандарға жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру секілді қолдау көрсетіледі. Қазақстан – пробациялық жүйені ТМД және Орта Азия елдері ішінде бірінші болып қабылдаған ел. Елімізде пробация ұйымы алғаш рет 2012 жылы қолданыла бастады. Ал, 2016 жылы «Пробация туралы» заң қабылданып, оның әлеуеті мен өзектілігі арта түсті.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағдарламасына сәйкес, оларға жергілікті жұмыспен қамту орталықтары арқылы кәсіп ашу, мамандық игеру, жұмыспен қамту жұмыстары жүргізіледі. Кейбірінің отбасы болса, енді бірінің ешкімі болмауы мүмкін немесе жақындары теріс айналатын жағдайлар да жиі кездесіп жатады. Сондықтан сотталушы түрмеден босатылар алдында пробация қызметкерлері олардың тұрғылықты мекенжайын тексеріп, отбасы мүшелерімен сұхбат жүргізеді. Босатылғаннан кейін де оның мекенжайы мен жұмыс немесе оқу орнын тұрақты түрде тексеріп отырады.
БӨЛІСУ