Бүгін партияның қалалық филиалының ұйымдастыруымен Талсуат ауылдық округінда көшпелі қоғамдық қабылдау жұмыстары өтті.
Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарға партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысынан, қалалық мәслихат депутатынан, «Отбасы банк» АҚ өңірлік филиалы өкілінен, заңгерлер мен медиаторлардан. «Қарызсыз қоғам» жобасының менторынан жауап алды.
Көшпелі қоғамдық қабылдау барысында азаматтар тарапынан құқықтық көмек, тұрғын үй алу жолдары, елді мекендерден мемлекеттік, банктік бағдарламалар бойынша тұрғын үй алу, елді мекендегі инфрақұрылымды ретке келтіруге қатысты сауалдар жолданып, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.