Қызылордалық полицейлер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Қызылордалық полицейлер жүктелген міндеттерді асқан жауапкершілікпен, үлкен абыроймен атқарып, аймақтың қарқынды дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Жаукеев Ердаулет Баянбайұлы, Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Құлмағанбетов Айбек Қалдыбекұлы, Күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Жалғасбаев Нағашыбай Нұртайұлы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция рота командирі полиция майоры Алмат Дархан Тұрғанұлы және Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны командирі полиция майоры Оспанов Ғабит Мұхитдинұлы облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.
Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Абдраманов Ермахан Әділханұлы қызметкерлерді марапатымен құттықтап, алдағы уақытта да қызметтік, азаматтық борышын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.
«Бұл марапат – үлкен қажырлы еңбектің нәтижесі мен бағасы, халық игілігі үшін баға жетпес үлесі, белсенді азаматтық ұстаным мен кәсібиліктің көрінісі.
Тәртіпті сақтау мен оны бақылау үлкен ерік-жігер мен қажыр-қайратты талап ететін жауапты міндет. Ел тыныштығын сақтап, міндеттің мінберінде абыройлы қызмет атқарып келе жатқан қызметкерлерімізге алғысымды білдіремін. Отбасыларыңызға ырыс – несібе, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге абырой, толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілеймін!» деген лебізін білдірді Ермахан Әділханұлы.

БӨЛІСУ