Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері “Жергілікті БАҚ өкілдері”, “Қызылорда волонтерлері”, “Қызыл ай қоғамы” ұйымдары және “KzoLife” командасымен бірлесіп жылу беру маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй секторларын аралау жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жылыту пештері мен түтін моржаларын күтіп ұстау туралы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар улану жағдайларының алдын алу мақсатынла қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылды.

Сіздің өміріңіз сіздің қолыңызда! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

БӨЛІСУ