Қызылорда облысының Полиция департаментінде автокөліктердің қыс маусымына дайындығы пысықталды.
Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Туляпов Сейтмұрат Сұлтанбекұлы қызметтік көліктердің қыс мезгіліне даярлығын мұқият тексерді.
Саптық байқауда учаскелік полиция инспекторларының, сондай-ақ облыстық және қалалық патрульдік полиция батальонының көліктері тексерілді.
«Қызметтік көліктерді жөндеу, техникалық байқаудан өткізу, қыс маусымында сапалы қызмет атқаруды үйлестіру маңызды. Себебі қызметкерлеріміз тәуліктің кез-келген уақытында және ауа райының түрлі құбылысына қарамастан шақыртулар мен штаттан тыс жағдайларға дайын болуы тиіс» дейді Сейтмұрат Сұлтанбекұлы.
Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Туляпов Сейтмұрат Сұлтанбекұлы жүргізуші құрамның назарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, көліктерді уақтылы күтіп ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар жиын барысында қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлеріне қаладағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы жеткізілді, бағдарлармен таныстырылды.
Іс-шара соңында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы қызметтеріне кірісті.
2024-11-18