М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасының “Креативті HUB” бағыты бойынша әуесқой қолөнерші Ляйла Насимханова үйірме оқушыларына өз білгенімен бөлісті.

ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері Ляйла Оразқызы 2000 жылдан бастап қалалық мәдениет үйінде нұсқаушы, М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры, қазіргі таңда әдіскері қызметін атқарып келеді.
Жастайынан өз анасынан қыз балаға керекті тоқу, моншақпен жұмыс түрлерін меңгеріп, түрлі әшекей бұйымдарды жасауға қызығушылық танытқан Ляйла Насимханова бүгінгі шеберлік сағатында үйірме оқушыларына қазіргі таңда кең тыныс алған Handmade өнері, яғни, өз қолымен түрлі бұйымдарды жасау өнері туралы мағлұмат бере отырып, моншақпен жұмыс жасаудың қыр-сырын үйретті.

БӨЛІСУ