Қызылорда облысы білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығы, қосымша білім беру бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Мүлкаман Қалауов атындағы Қызылорда қалалық өнер мектебінде «ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ, ӘДІСТЕМЕЛЕР, ИННОВАЦИЯЛАР» тақырыбында қосымша білім беру педагогтеріне арналған облыстық тәжірибе алаңы өтті. 

Іс-шараға өнер және музыка мектебінен 86 педагог қатысты. Тәжірибе алаңын ұйымдастырудағы мақсаты – әрбір баланың жеке-дара ерекшелігі мен қабілеттерін ескере отырып, интелектуалды дамуы мен шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Озат педагогикалық тәжірибе алаңын құру арқылы оқу-тәрбие жұмысын үздіксіз дамыту және жетілдіру.
Бағдарлама мазмұнына сай шығармашылық-әдістемелік көрмелер, фольклорлық ансамбльдің орындауында қазақ күйлерінің топтамасы, өнер мектебі педагогтерінің халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі жетістіктер көрмесі және «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында қолөнер көрмесі таныстырылды.
Пленарлық отырыста тәжірибе алаңының кіріспе сөзі Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының директоры Ф.Досаевқа беріліп, іс-шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асырып, білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтарды айқындайтын «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» 2024-2025 оқу жылынан бастап қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс жоспарында көрініс тауып, барлық салаларын қамтып отыр. Біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу туралы 2024 жыл, 30 шілдедегі №194 бұйрықпен қоса балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметтерін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық негіздері таныстырылды. Әдістемелік алаң мазмұны секциялық 3 блокты қамтыды: І. «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі »; ІІ. «Ұлттық аспап – ұлт мәдениетінің мәйегі»; ІІІ. «Ұстаз біліктілігін арттыру – уақыт талабы»
Тәжірибе алмасуға келген мамандар өз салалары бойынша шеберлік сыныптарға бөлініп, іс-тәжірибе алмасты.
Тәжірибе алаңына қатысушылар өз кезегінде жылы лебіздері мен алғыстарын айта отырып, шеберлік сыныптарына кері байланыс берді. Іс-шара соңы марапаттау рәсімімімен және салтанатты мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты. Барлық қатысушыларыға сертификат табысталды.

БӨЛІСУ