2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығы жалпы сауда айналымы – 506,6млн.теңгені құрады: бөлшек сауда – 321,0млн.теңге (104,9%), көтерме сауда – 185,6млн.теңге (108,3%).
Қала аумағында жалпы ауданы 166 968 ш.м. құрайтын, 2 693 сауда орны бар 11 базар жұмыс жасайды. Оның ішінде әмбебап сауда базар саны – 5(«Жаңа базар», «Сұлтан», «Сыбаға», «Қанат», «Талғат»), мамандандырылған сауда базар саны – 6(«Сәулет», «Гүлдана», «Ақтөре», «Сығанақ», «Бұлан» және автокөлік базары).
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 30 наурыздағы «Сауда базарларын жаңғырту жол картасына» сәйкес базарларды жаңғыртып, заманауи сауда форматына көшіру кезеңімен 2025 жылдың желтоқсан айына дейін жоспарланған.
Әмбебап базарларын жаңғырту жұмыстары аясында Қанат базары толық модернизациядан өтті.
«Асбол» сауда базары екінші деңгейлі банкке («Қазақстан Халық банкі» АҚ)несиелендіруге құжаттарын өткізді. Мақұлданған жағдайда құрылыс жұмыстарын бастауға әзір.
«Сыбаға» базарын жаңғыртуға жұмыс жобасы әзірленіп, эскиздік жобасы бекітілді.
«Сұлтан-2» сауда базары ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алып, мердігер «СК Монтаж Строй» ЖШС-мен келісімшартқа отырды. Құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жеңілдетілген несие алуға екінші деңгейлі банктерге («Банк Центр Кредит» АҚ, «Береке банк» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ) құжат тапсырылып, банк жауабы күтілуде.
«Талғат» базарының тиісті құжаттары әзірленіп, архитектуралық жобалық тапсырмасы (АПЗ) және эскиздік жобасы әзірленді. Базар басшылығы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаражат көздерін қарастыруда.
Төрт сауда базарын жаңғырту жұмыстарына (Сыбаға базары-1,5 млрд.теңге; Сұлтан базары-1,5 млрд.теңге; Асбол базары-4,6 млрд.теңгг; Талғат базары-2 млрд.теңге) 9,6 млрд. теңге қаражат қажет етіледі.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қала көлемінде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 199 млрд 497 млн. теңгені құрап,өткен жылмен салыстырғанда 115,4%-ды құрады(01.10.2023ж. 163,2 млрд. теңге).Қазіргі уақытта, ағымдағы жылға жоспарланған жылдық меженің 72,8%-ы орындалды(меже 273,8 млрд. теңге).
Жыл соңына дейін межені толық орындау үшін жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жасалуда. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік бюджет қаражаты және жеке қаражат есебі арқылы орындалады деп күтілуде. Бұдан бөлек, қосымша резервтерді іздестіру арқылы жүзеге асатын болады. (мәселен, қыркүйек айына қосымша резервтерді іздеу арқылы 2 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды)
Жыл соңына дейін инвестиция тартуға қойылған меженің орындалуы, аймақтағы мұнай компаниялары (8млрд.), ірі инвестициялық жобалар (29,5 млрд.),мемлекеттік бюджет (14 млрд.), жылжымайтын мүлікпен операциялар (8,4 млрд. 120 мың ш.м)және жеке кәсіпкерлер есебінен(16,4 млрд.) қамтамасыз ету көзделген.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қала бойынша өңдеуші өнеркәсіп саласында 72 млрд 667 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 100,3%-дықұрады (2023 ж.76 млрд. теңге). (өнеркәсіп көлемі 458 млрд 533 млн. теңге).
Жыл басынан бері өңдеуші өнеркәсіп саласында жалпы құны
7 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылды.
«Orda Glass LTD» ЖШС-нің энергия үнемдейтін шыны өндірісі жобасы;(6,7 млрд. теңге) – 30 адам жұмыспен қамтылған.
«Строительно-Транспортная Компания» ЖШС-нің металл конструкция өндірісі жобасы. (300 млн. теңге).
Сонымен қатар, алдағы уақытта өңдеуші өнеркәсіп саласында жалпы құны 11 млрд. теңгені құрайтын 2 жобаны іске асыру бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.
«With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыты; (9,5 млрд. теңге);
«Ayna glass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару жобасы. (1,5 млрд. теңге).
Қалада газ отынын сатуға 16 операторғақарасты 86 бекет тіркелген.
Бүгінгі күні 67 бекетте (11 оператор) сатуға арналған
577,1 тонна автогаз қоры бар, еркін сатылымда, қала аумағында газ отынына тапшылық тіркелмеген.
Бөлім тарапынан газ құю бекеттеріне күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.