15 қараша – Ұлттық валюта күні – еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын көрсететін маңызды күн. Теңге – еліміздің әлемдік аренадағы тұрақтылығы мен табысты экономикалық дамуының көрінісіне айналды. Бұл күн – Қазақстанның қаржы-экономикалық тарихына арналған түрлі реформаларға да себеп болғанын атап өткен жөн. Биыл облыс бойынша жылдық инфляция 8,1 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі Қызылорда облысы бойынша ҚР ұлттық банкі Қызылорда филиалы директорының орынбасары Толқынбек Жексембаев мәлімдеді.

– Еліміздің Тәуелсіздік тұғыры беки түскеннен кейін ел экономикасында елеулі өзгерістер орын алды. 1993 жылдың 12 қарашасында «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Араға үш күн салып, ел ішінде жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде теңге қолданысқа енді. Осылайша, ұлттық валютаның қолданыста барына биыл 31 жыл толып отыр. Теңгенің қолданысқа енуі экономикалық және саяси тұрақтылыққа әкелген маңызды жетістік. Бұл елдің тәуелсіздігін, егемендігін нықтаған қадам болды, – деді Толқынбек Құмарбекұлы.
Айта кетейік, Қызылорда облысы аумағында 10 екінші деңгейлі банктердің 11 филиалы және 1 «Қазпошта» АҚ филиалы, 3 уәкілетті ұйым, 5 микроқаржы ұйымы, 8 несие серіктестігі қызмет атқарады. Айырбастау пункттердің жалпы саны –52.

БӨЛІСУ