Ағымдағы жылы Сырдария өзенінің сол жағалауы №3 мөлтек ауданында жалпы ауданы барлығы 37 283,4 м2 504 пәтерлі 7 этажды 84 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға 4млрд. 491,3 млн.теңге бөлініп қыркүйек айындааяқталатын болады. Жоба құны 8 млрд. 649,1 млн.теңгені құрайтын жалпы ауданы барлығы 28 905 м2 400 пәтерлі №2 мөлтек ауданында 5 этажды 40 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 5 млрд.762,5 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүруде. Қалған қаржысы 2 млрд. 886,6 млн.теңге 2025 жылы бөлінеді. Осы мөлтек ауданда 7 этажды 84 пәтерлі 10 тұрғын үйдің сараптамасы алынып құрылыс жұмыстарын бастауға қаржы облыстық бюджеттен қарастырылған.

«Инженерлік инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасына аясында  8 млрд. 358,3 млн. теңге бөлінді. (РБ-дан-100,0 млн.теңге, ҰҚ 2 млрд. 325,4млн.тг, ОБ 4 млрд. 941,2млн. тг, қалалық бюджеттен 991,7 млн.теңге), жоспар 4 млрд. 785,6 млн.теңге игерілді.

Арай мөлтек ауданы Мәуелі көшесі жеке тұрғын үй секторының ауыз су желісі құрылысына 26,3 млн теңгеге 0,623 км ауыз су желісі, Сарысу көшесіне ауыз сумен қамтуға 26,2млн. теңгеге 1,3 км ауыз су желісі, Майлықұм көшесінің бойымен ауыз су желісінің құрылысы 62,4 млн.теңгеге 3,88 км жүргізілді. “Бәйтерек” ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді газбен жабдықтау және сумен жабдықтау желілерін салу жобасына 180,2 млн. теңге бөлінген. Жоба құны келісім шарт негізінде 427,5 млн.теңгені құрайды. РБ-дан жобаны аяқтауға 247,3 млн.теңге бөлінген жағдайда 18,5 км ауыз су және газ жүйесі 9,995 км атқарылады.

Жас Алаш, Теректі, Сарысу көшелеріне электрмен жабдықтау құрылысына 39,1 млн. теңгеге 1,764 км, Белкөл кентіндегі Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелерінің электр желілерін жүргізуге 72,2 млн. теңгеге 4,4 км, Жас Алаш көшесіне электр желісін жүргізуге 57,0 млн.теңгеге 7,2 км тартылды.

2022 жылы басталған Қызылжарма аумағындағы 1,2,3 ауданында тас жол құрылысы (35 көшеге) жобасын аяқтауға Ұлттық қор есебінен 330,4 млн.теңге бөлініп 38,25 км тас төселінді.

Бөлім тарапынан салынып жатқан тұрғын кварталдардың инженерлік желілерін жүргізуге барлығы 3 млрд. 889 млн.теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда.

«Қорқыт Ата» әуежайының аумағын абаттандыру жұмыстарына млрд. 986,3 млн. теңге бөлініп толықтай әуежайдың инженерлік жүйелері мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

«Жайлы мектеп» білім беру пилоттық ұлттық жобасы аясында қала аумағында салынып жатқан 5 мектептің абаттандыру ж»не жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге 1 млрд. 689,2 млн.теңге бөлініп жүйелі жұмыстар жасалды.

БӨЛІСУ